"АрселорМиттал Теміртауда" бір апта ішінде 5 адам қайтыс болған

393

Өндірістік қауіпсіздікке шетелдік алпауыттар да, отандық компаниялар да немқұрайлы қарайды. 

"АрселорМиттал Теміртауда" бір апта ішінде 5 адам қайтыс болған

Ұлттық статистика бюросы мәліметтері бойынша, 2021 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардан зардап шеккендер, соның ішінде қаза болғандар саны 2020 жылмен салыстырғанда 4,9%-ға өсіп, 2133 адамды құрады, деп жазды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Өңірлік тұрғыда зардап шеккендердің жартысына жуығы тек 3 облысқа келеді: Қарағанды ​​(537 адам), Шығыс Қазақстан (320 адам) облыстары және Нұр-Сұлтан (161 адам).

Зардап шеккендердің көпшілігі – 572 адам өндірістік кәсіпорындарда жұмыс істеген. Сонымен қатар тау-кен өнеркәсібі (444 адам) және құрылыс индустриясыда (199 адам) еңбек ететіндер тағы бар. 

Өндірістегі жазатайым оқиғалардан қайтыс болғандар саны, бір жыл ішінде 13,3%-ға азайып, 2021 жылы 176 адамды құрады. Оның ішінде топтық жазатайым оқиғалардан 16 адам қайтыс болды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда бірден 42,9%-ға аз.

Құрылыс саласында 34 адам қайтыс болды. Өз кезегінде тау-кен кәсіпорындарында 31 адам қаза тапты, оның ішінде 6 адам топтық апаттан.

Өңірлік тұрғыда қаза тапқандардың көпшілігі Қарағанды ​​облысының кәсіпорындарында жұмыс істеген – 32 адам, оның 6-ы – топтық жазатайым оқиғалардан көз жұмған.

Мәселен, Қарағанды ​​облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында бір аптадан аз уақыт ішінде 5 адам қайтыс болды: біреуі 10 маусымда және тағы төрт адам 16 маусымда.

Биылдың өзінде, Адам ресурстарын дамыту орталығының мәліметі бойынша, қаңтар-мамыр айларында 70 адам өндірісте қайтыс болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1%-ға көп.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу