"АрселорМиттал Теміртауды" мемлекетке беру кезінде бюджет қаражаты пайдаланылмайды

Қазақстан АМТ-ның жоғалтқан пайдасын өтемейді. 

"АрселорМиттал Теміртауды" мемлекетке беру кезінде бюджет қаражаты пайдаланылмайды Фото: Depositphotos.com

Қазақстан "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын мемлекет меншігіне беру мәмілесіне бюджет қаражатын пайдаланбайды.

Бұл туралы Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев үкіметтегі брифинг барысында айтты.

"Біз бұған бюджет қаражатын пайдалануды жоспарлап отырған жоқпыз", - деді Шарлапаев.

Ол сондай-ақ мәміленің шарттарын әзірге атай алмайтынын мәлімдеді.

 "Сонымен қатар Қазақстан АМТ-ның жоғалтқан пайдасын өтемейді", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу