"АрселорМиттал Теміртауды" мемлекетке қайтару мәселесі апат болғанға дейін шешіліп қойған

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.  

"АрселорМиттал Теміртауды" мемлекетке қайтару мәселесі апат болғанға дейін шешіліп қойған Фото: Inbusiness.kz

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ активтерін Қазақстанға беру жөніндегі мәміле қарашаның соңында аяқталады.

"Біз қарашаның соңына дейін келісімге қол жеткізуді мақсат етіп отырмыз. Қарашаның соңына дейін заңды құжаттама толығымен дайын болуы керек", - деп қосты министр.

Бұрын хабарланғандай, 28 қазанға қараған түні шахтада "АрселорМиттал Теміртауға" қарасты Костенко шахтасында өрт шығып, артынан жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, олардың көпшілігі жер бетіне шығарылған. 31 қазандағы жағдай бойынша қаза тапқан 46 кеншінің барлығының мәйіті табылды, олардың 40-ы анықталды, алтауының аты-жөні анықталмады. Кеншілердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Төтенше жағдайдан кейін көп ұзамай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының қазіргі акционерлерімен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Премьер-министр Әлихан Смайылов сейсенбі күні үкімет отырысында "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ны Қазақстанға беру процесі аяқталу сатысында екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу