"АрселорМиттал Теміртаудың" 2 жұмысшысы күйіп қалды

1081

"АрселорМиттал Теміртау" металлургиялық комбинатындағы цехта шойынтасу шөміші құлап, 2 жұмысшы күйіп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"АрселорМиттал Теміртаудың" 2 жұмысшысы күйіп қалды

"Цехта каранды көтеру кезінде шойынтасу шөміші құлады. Салдарынан 1984 жылы туған кран жүргізушісі 2,3 дәрежелі (денесінің шамамен 20%-ын күйік шалған), ал 1994 жылы туған кран жүргізушісі 3,4 дәрежелі (денесінің шамамен 70%-ын күйік шалған) күйік алған", - деп жазылған компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жұмысшылардың қазір жағдайлары ауыр.

"Тиісті медициналық көмек көрсетілген соң олар Қарағандыдағы күйік орталығына жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу