"АрселорМиттал Темиртаудың" 2 жұмысшысы жарақат алды

1135

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылады.

"АрселорМиттал Темиртаудың" 2 жұмысшысы жарақат алды

Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының 2 жұмысшысы өндірісте жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарманың мәліметінше, бір жұмысшының денесінің 25%, екіншісінің 95% күйік шалған. Олар ауруханаға жатқызылған.

"АрселорМиттал Темиртау" АҚ қайғылы оқиға бүгін металлургиялық комбинаттағы механикалық цехтың шеберханасында болғанын хабарлады. 

"11 наурызда 2-жылу электр орталығындағы (ТЭЦ) цех шеберханасында дәнекерлеу жұмысын жүргізу кезінде жанар-жағармай материалдары өртенді.  Салдарынан слесарь мен газ жабдығын баптаушысын күйік шалды. Олар ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән жайын анықталып жатыр", - деп жазылды компания таратқан хабарламада. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өрттен бояу толы бөшке жарылған.

Қарағанды облысының еңбек инспекциясы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылатынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу