"АрселорМиттал Теміртаудың" Қазақстанда қалу-қалмауына қатысты шешім жақында қабылданады – Ерлан Қошанов

486

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов "Қазақстан" шахтасында опат кеншілердің жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"АрселорМиттал Теміртаудың" Қазақстанда қалу-қалмауына қатысты шешім жақында қабылданады – Ерлан Қошанов Фото: parlam.kz

"Қазақстан" шахтасындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиға бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Бұл – үлкен қасірет.​ Қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендер тезірек сауығып кетуін тілеймін.​Мемлекет басшысы бұл оқиғаға өз бағасын берді. Қайталанып жатқан мұндай жазатайым оқиғалар мен адам өлімі "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының жұмысшылар үшін қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ете алмай отырғанын көрсетті. Бұған не себеп болғанын – немқұрайлылық немесе қасақана әрекеттер ме, оны тергеу көрсетеді. Президент Үкіметке және Қарағанды ​​облысының әкімдігіне тиісті тапсырмалар берді. Премьер-министр оқиға орнына барды. Осы өңірден сайланған Мәжіліс депутаттары да Шахтинскіде жүр.​ Арселор Миттал Теміртау басшылығымен талай рет жоғары деңгейде кездесулер өткізіліп, онда өндіріс қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген еді. Алайда кейінгі жағдай тиісті қорытынды жасалмағанын көрсетіп отыр. Бұл шетелдік компанияның Қазақстан нарығында қалу-қалмауына қатысты тиісті шешім жақын арада қабылданады деп ойлаймын", – деп жазды желідегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу