"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ірі салық төлеушілерге қатысты жүргізіліп жатқан аванстық төлемдер сомасының төмендетілгенін анықтады. 2017 жылға арналған мониторинг барысында корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының нақты есептелген салықтан төмен бағалануы анықталды" - делінген ақпаратта.
Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 278-бабының 3-тармағы бойынша 1,3 млрд теңге сомасында әкімшілік айыппұл материал толтырылды. Материалдар әкімшілік сотқа жолданды.
2022 жылдың 21 желтоқсанында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ аппеляциялық шағымын қарау аясында Қарағанды облыстық соты Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің уәждерін қанағаттандырып, әкімшілік айыппұлды қанағаттандырды.