"АрселорМиттал Теміртауға" 1,3 трлн теңге көлемінде инвестиция салынады

649

Болашақта компания жылына 4 млн тонна болат өндіреді.

"АрселорМиттал Теміртауға" 1,3 трлн теңге көлемінде инвестиция салынады Фото: Максим Морозов

2025 жылға қарай "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның негізгі техникалық қуатын жаңғырту аяқталады. Оған 1,3 трлн теңге көлемінде инвестиция салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, 2021 жылы жалпы өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексінің 5,8 өсімі жоспарланған. 

"Биыл қара металлургияда нақты көлем индексі 105% деп белгіленген. Оның ішінде ферроқорытпа 10,4%, болат өндірісі 17%, прокат өндірісі 19%-ға артады деп жоспарланып отыр. Негізгі екпін "АрселорМиттал" және "Қахром" кәсіпорындарына түседі", - деді Бейбіт Атамқұлов.

Ол биыл министрлік ферроқорытпа, құрылыс арматуралары, болат құбырлар және марганец кенін қайта өңдеу өндірісін арттыруға мүмкіндік беретін 6 жобаны іске қосатынын атап өтті.

"Жоспарланған өсімге қол жеткізу үшін мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнеспен бірлесіп, отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ететін реттеуші тетік әзірленеді. 2025 жылға қарай өндіріс көлемі жылына 4 млн тонна болатқа жеткізіліп, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының негізгі техникалық қуатын жаңғырту аяқталады. Салынатын инвестиция көлемі – 1,3 трлн теңге", - деді министр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу