АрселорМитталдың активтері ресейлік компанияға берілмейді – Скляр

423

Үкімет кәсіпорындағы жұмысты жалғастыратын инвестор іздеп жатыр.

АрселорМитталдың активтері ресейлік компанияға берілмейді – Скляр Фото: Ашық дереккөзден

АрселорМиттал компаниясына қарасты Ұлытау облысындағы "Өркен" кенішінде жұмысшы қаза тапты. Алдын ала болжам бойынша, 39 жастағы кенші тау жыныстары үйіндісінің астында қалып қойған. Қайғылы жайттың нақты себебін анықтау үшін арнайы комиссия тексеріс бастады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ бүгін соңғы уақытта адам өлімі жиі тіркеліп жатқан АрселорМиталлдың Қазақстандағы активтеріне қатысты Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр да түсініктеме берді. Себебі, көптен бері компания активтері ресейлік Северсталь компаниясына беріледі деген ақпарат тараған болатын.

Алайда, Скляр мырза бұл шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Дегенмен, Үкімет кәсіпорындағы жұмысты жалғастыратын инвестор іздеп жатқанын жеткізді. Әзірге қандай инвесторлармен келіссөз жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат бермеді. Тек,  АрселорМиттал Теміртау-дың жөндеу және инвестициялау бойынша мерзімі өткен міндеттемелері барын айтты.

"Кәсіпорында адам қазасымен байланысты қайғылы оқиғалар болып жатыр. Оның бәрі бізді алаңдатпай қоймайды. Сондықтан өндірісті дамытуға ақша құйып, тиімді жұмыс істей алатын өзге инвесторларды тарту бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның ішінде еңбек қауіпсіздігі  негізгі басым бағыт. Қазір қай елдің инвесторлары келуі мүмкін екенін айта алмаймын, әлі ерте", - дейді ҚР Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу