Арсен Жақанбаев ҚР Су шаруашылығы комитетінің төрағасы болды

389

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Арсен Жақанбаев ҚР Су шаруашылығы комитетінің төрағасы болды Фото: primeminister.kz

ҚР су ресурстары және ирригация министрінің бұйрығымен Арсен Жақанбаев ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Арсен Жақанбаев 1988 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы "Аймақтық-гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық" мемлекеттік мекемесінде маман болып бастаған. 

"Қазсушар" РМК Қызылорда филиалында инженер-жобалаушы, Қарағанды қ. "Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы" РМК-де жетекші маман, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (кейіннен Ауыл шаруашылығы министрлігі) Су ресурстары комитетінің бас сарапшысы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бюджеттік инвестициялар және МЖӘ дамыту департаменті басқармасының бас сарапшысы, ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің топтық су құбырларын дамыту басқармасының басшысы, ҚР АШМ Су ресурстары комитеті Экономика, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасы басшысы, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Трансшекаралық өзендер департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2023 жылдың шілдесінен қазіргі уақытқа дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су саясаты департаментінің директоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу