Аршавин "Қайраттан" кетуі мүмкін

890

Аршавин "Қайраттан" кетуі мүмкін

Ресей құрамасының бұрынғы капитаны, қазіргі уақытта "Қайратта" өнер көрсететін Андрей Аршавин әйелі Алиса Кузьмина темір торға қамалса, футболшы мансабын аяқтауы мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.

"Егер Алиса түрмеге отырса, мен бірден ол жақта ойнауды тоқтатамын. Өзімнің қолымды өзім шапқандай боламын. Расында қатты өкінемін. Өтінемін, мені футболсыз қалдырмаңыздар. Мен жай ғана өз жұмысымды істеп, нанымды тауып жүрмін. Алисаны жақсы көрдім, жақсы көремін де", – деді Андрей Аршавин ресейлік "Дни.ру" сайтына. 

Осыдан біраз уақыт бұрын қазақстандық модель Ольга Семенова Алиса Аршавинаны сотқа берген болатын.

Еске сала кетсек, Андрей Аршавиннің әйеліне қатысты қазақстандық модельді қорқытты деген күдікпен үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу