Тректегі велоспорттан Қазақстан командасының үздігі Артем Захаров Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан ел Спартакиадасында жеңіске жетті деп хабарлайды Olympic.kz.
Захаров "скретч" бойынша үздік атанды. Екінші орында Роман Василенков, үшінші орында Роберт Гайнеев.
Айта кетелік, Захаров кеше өткен жекелей із кесу сайысында күміске қол жеткізген еді.
Аталған бағдарлама бойынша әйелдер арасындағы бәсекеде Жанерке Санақбаева топ жарды. Күміс медаль Рината Сұлтанованың, қола жүлде Наталья Сайфутдинованың еншісінде.
Үш күн қорытындысы бойынша Қарағанды облысы көш бастап келеді. Екінші және үшінші сатыда Алматы және Солтүстік Қазақстан облысы орналасқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу