Артем Захаров тректегі велоспорттан қола жүлдегер атанды

689

Бірінші орынды Жаңа Зеландия өкілі Стюарт Кэмбелл, екінші орынды австралиялық Кэмерон Майер иеленді.   

Артем Захаров тректегі велоспорттан қола жүлдегер атанды

Жаңа Зеландияда тректегі велоспорттан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр. Кезекті жарыс күнінде қазақстандық Артем Захаров жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Olympic.kz. 
Қазақстан командасының үздігі, Токио Олимпиадасының жолдамасынан үмітті Захаров "омниумда" бақ сынап, қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл медаль Артемнің олимпиадалық рейтингтегі ұпайларын арттыруға көмектесері сөзсіз. 

Айта кетелік, әлем кубогі кезеңдерінде жинаған ұпай арқылы спортшыларға Токио Олимпиадасының жолдамасы беріледі. 

Артем Захаров бұған дейін кубоктік кезеңде жетінші орыннан көрінген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу