Ресейдің Тула қаласында өтіп жатқан велотректен Гран-при турнирінде қазақстандық спортшылар бірнеше медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
"Кейрин" бағдарламасы бойынша Сергей Пономарев көзге түсті. Ол күміс жүлдеге иелік етсе, "скретчтен" екі бірдей спортшымыз жеңіс тұғырына көтерілді. Артем Захаров үшінші орын иеленсе, Рината Сұлтанова күміс медальға қол жеткізді.
Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы сында Александр Сафаров пен Темірхан Сиязбеков тиісінше екінші және үшінші орыннан көрінді. Олар "кейринде" бақ сынаған болатын.
Аталған жарыс Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) ұйымдастыруымен өткізілуде.