Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында Артемьев кенішінде ер адам тоққа түсіп көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қайғылы оқиға 9 қазан күні сағат 20:00 шамасында Артемьев кенішінде тіркелген. Мерт болған ер адам Артемьев кенішінде электрслесарь болып жұмыс істеген.
"Артемьев кенішінің электрслесарі электр тоғы соғып, қаза тапты. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның отбасына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасады", - делінген хабарламада.
Аталған оқыс оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу