Әртістер, мәдениет қайраткерлері Астанадағы Мәңгілік ел даңғылының бойында ағаш отырғызды

188

Акция аясында әрі Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға Астана қаласының әкімдігі мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі атсалысты. 

Әртістер, мәдениет қайраткерлері Астанадағы Мәңгілік ел даңғылының бойында ағаш отырғызды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі" ауқымды экологиялық акциясы аясында Астанадағы Мәңгілік ел даңғылы бойында мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және танымал әртістер ағаш отырғызды, деп жазады inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.

"Мәдениет және өнер қызметкерлері кәсіби мерекесіне орай Мәңгілік ел даңғылы бойына 50 көшет отырғызылды. Бұған дейін де экоакция аясында қаламыздағы мәдени мекемелер маңында, ескерткіштер аумағында, басқа да аудандарда тазалық акциялары ұйымдастырылған болатын. Осындай іс-шаралар жиі өткізіліп тұруы керек деп есептеймін. Өйткені мұндай акциялар арқылы жас буынға үлгі-өнеге көрсетеміз. Сондай-ақ тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтереміз, қоршаған ортаға деген оң көзқарасын қалыптастырамыз", - деді Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшының орынбасары Нұран Хамзин.

Экоакцияға танымал кино және театр әртістері мен мен әншілер қатысты.

"Бүгін – ерекше мереке. Кәсіби мереке күні ағаш егу, қаланың тазалығын сақтауға атсалысу мәдениеттің үлгісі деп санаймын. Мінеки, бүгін экоакцияға қатысып, еліміздің және елордамыздың көркіне көрік қосып жатырмыз. Айналамызда ағаштардың жайқалып өсуі – экологиямызға қосқан үлкен үлес болмақ", - деді Астаналық цирк МКҚК директоры Ерік Жолжақсынов.

Айта кетейік, "Таза Қазақстан" акциясы әлі де жалғасын табуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу