ArtSport бойынша жұмыс істеген жаттықтырушылардың арасында сотталғандар болғаны рас па?

Алматы әкімі бағдарламаға қатысты жағдайға түсініктеме берді.

ArtSport бойынша жұмыс істеген жаттықтырушылардың арасында сотталғандар болғаны рас па? Фото: google.com

ArtSport бағдарламасының іске асырылуын талдау негізгі проблемаларды анықтауға және тиісті қорытынды жасауға көмектесті, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Қала басшысы платформаның жұмысына қатысты көп шағым түскенін айтты.

"Адамдар алданды, өйткені нақты талаптар болған жоқ. Балалар санына қарай ақша төленді. Біз бұл жағдайдан  тиісті қорытынды шығардық", - деді Ерболат Досаев. 

ОКҚ брифингінде тілшілер қала басшысына "ArtSport бағдарламасында жұмыс істеген жаттықтырушылардың арасында сотталғандар болды деген ақпарат рас па?" деп сұрады.

Алматы әкімі балалардың ата-аналарынан кәмелетке толмағандарға қатысты заңсыз әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына бірде-бір өтініш түспегенін хабарлады.

Қазір тегін үйірмелер мен секцияларға жазылу DamuBala электрондық порталы арқылы жүзеге асырылады. Жаңа бағдарламаны іске асыру үшін 20 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Платформада құқық қорғау органдары тиісті бақылауды жүзеге асыратын нақты және түсінікті талаптар бар. Қазіргі уақытта 65 086 бала ваучер берілді. Кезек бюджет қаражатының босауына сәйкес алға жылжиды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу