Оның сөзінше, спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерінің бағасы қайта қарастырылады.
"Бұл қадам бағдарламаның ауқымын кеңейтеді. Екінші – мемлекеттік спорттық, шығармашылық және қосымша білім алу тапсырыстарының аясында спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелеріне бір ғана өтініш беру қағидасы енгізіледі", – деді Дәурен Абаев арнайы брифингте.
Министрдің айтуынша, қазір бір бала қатарынан бірнеше секцияға шығармашылық үйірмеге баруы мүмкін.
"Көпшілікті қамту мақсатында біз тек бір секцияны ғана ұсынамыз", – деді ведомство басшысы.
Еске сала кетсек, бұған дейін Artsport жүйесі бойынша әр бала бір спорттық және бір шығармашылық үйірмеге тегін қатыса алатын. Енді бұл мүмкіндік шектелмек.
Құралай Құдайберген