Бұл туралы Атамекен бизнес арнасына бағдарламаны іске қосқан Сергей Алабугин мәлімдеді.
Компания басшысының сөзінше, жыл басынан бері "Artsport" платформасы мұнайлы өңірде қызмет көрсетуін тоқтатқан. Бизнес иелерінің бәрі өзге платформаға ауысқан. Сол себепті қаржылай қиындыққа қатысты мәселеге өзге азаматтар жауапты екен. Бұған дейін бірқатар бизнес иесі осы проблеманы алға тартып, наразылық білдірген болатын. Сергей Алабугин мәселенің ақ-қарасын түсіндіріп, туындаған қиындықтарға еш қатысы жоқ екенін айтты.
"Біздің Атырау облысындағы жұмысымыз аяқталғаннан кейін, жұмысты басқа платформа жалғастырды. Сәйкесінше қажетті төлемнің бәрін өз мойындарына алу керек еді. Кәсіпкерлердің де жұмысына еш кедергі келтірмеуі қажет болған", “SoftDeCo” ЖШС Бас директоры Сергей Алабугин.
Жауапты басқарма өкілдерінің сөзінше, "Арт Спорт" платформасындағы тізім "Даму Бала" жүйесіне әлі толық енгізілмеген. Сол себепті қазір балаларды үйірмеге қабылдау кешеуілдеп жатыр.
"Даму Бала" платформасымен біз қаңтар айында келісімге отырдық. Қазір жүйеге тегін үйірмеге қатысатын балалардың тізімі енгізіліп жатыр. Жұмыс аяқталған кезде, жаңа өтініштерді қабылдауды бастаймыз. Әзірге ол мүмкін болмай тұр", дейді Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Ернұр Ниетжанов.