Artsport-та үйірмелер саны азаяды

897

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.  

Artsport-та үйірмелер саны азаяды

Оның айтуынша, спорт түрлерінің саны 71 ден 30-ға дейін, шығармашылық үйірмелер 59-дан 30-ға дейін қысқартылады. 

"Біз қайталанатын спорт түрлерін топтастырдық. Мысалы, қазір онда үстел теннисі, көзі нашар көретін балаларға арналған үстел теннисі, тірек-қимыл жүйесі зақымданған балаларға арналған үстел теннисі және бейімделген теннис түрлері бар. Бұл секциялардың барлығы өз жұмысын жалғастыра береді. Тек бір ортақ атауға біріктіріледі", – деп түсіндірді Дәурен Абаев арнайы брифингте. 

Сонымен қатар министр толық алынып тасталатын спорт түрлері де барын жасырмады. 

"Толық алып тастайтын спорт түрлері де бар. Оны өздеріңізге кейін хабарлаймыз", – деп қысқа қайырды ведомство басшысы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу