Artsport жобасындағы спорт түрлерінің саны қысқарды

691

Жоба аясында балалар мен жасөспірімдер айналысатын спорт түрлері 71-ден 64-ке азайтылды. 

Artsport жобасындағы спорт түрлерінің саны қысқарды

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Мамандар спорт түрлерін қысқартпас бұрын жан-жақты пысықтап, талқылаудан өткізгендерін айтады.

"Спорт саласы бойынша тапсырыстарға өзгерістер енгізілді. Ақылдаса, зерделей келе қолданбалы күш спорты түрлерін азайту туралы шешім қабылдадық. Сөйтіп Artsport жобасы бойынша спорт түрлері 71-ден 64-ке дейін қысқартылды. Олардың қатарында пауэрлифтинг, армлифтинг және ауыр атлетика спорт түрлері бар. Қолданбалы күш спорт түрлері болғандықтан білікті жаттықтырушы, нақты жоспары мен оқу-үйрету методикасы қажет. Осы жайттарды ескере келе спорт түрлері азайтылды", – деді Бекболат Байжанов.

Министрлік өкілінің айтуынша, алдағы уақытта жобаға қабылданатын баланың жасына да мән берілмек.

"Қолданыстағы №42 бұйрық қайта сәйкестендірілді. Онда спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшелігі туралы айтылған. Бұрын 5 жастан болса, енді бала әр спорттың өз талабы мен ережесіне қарай қабылданады", – дейді ол.

 

 

 

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу