"Артында 4 баласы қалды": Алматыда автобус қағып өлтірген ерлі-зайыпты жерленді

2639

Ерлі-зайыптылар оқиға болар күні енді ғана жұмыстарынан шыққан.

"Артында 4 баласы қалды": Алматыда автобус қағып өлтірген ерлі-зайыпты жерленді Фото: КТК телеарнасы

Талап Қасымов пен жұбайы Гүлжахан Ырсымбаевадан қапыда айырылып қалған жақындары зар жылап отыр. Бүгін туыстары марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салыпты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ерлі-зайыптылар оқиға болар күні енді ғана жұмыстарынан шығып, үйлеріне бет алған кезі екен. Жол жиегінде көлік тоқтатып тұрған. Екеуі ойламаған жерден автобустың астында қалған.

Артында төрт баласы қалды. Олардың үлкені 23 жаста болса, екіншісі – 18 жаста. Үшіншісі 9-сынып оқиды, ал кенжесі – 5 жаста.

Еске сала кетейік, жолаушы мен жүргізуші арасындағы жанжалдан кейін басқарусыз қалған автобус бірнеше адамды қағып мерт қылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу