Ару Тур де Франсты бесінші орынмен аяқтады

719

Ару Тур де Франсты бесінші орынмен аяқтады

Әлемнің ең беделді "Тур де Фанс" веложарысының 12 кезеңінен кейін қазақстандық Astana Pro Team командасының итальяндық жарысушы генералені бастап тұрған. Қазақстандық "Астана" велоклубының итальяндық жарысушысы  Фабио Ару жексенбі күні Парижде Елисей өрістерінде 58-ші болып мәреге жетті. Жалпы есепте бесінші болды, деп хабарлайды sputniknews.kz. 

Финалдық кезеңнің жеңімпазы Lotto NL-Jumbo командасының голландиялық жарысушысы Дилан Груневеген болды. Екінші болып мәреге Lotto Soudal командасының ойыншысы неміс Андре Грайпель жетті. Үшінші Dimension Data командасынан норвегиялық Эдвальд Боассон болды. 

Астана жарысушылары арасынан соңғы кезеңде үздік нәтижені қазақстандық Бахтияр Қожатаев көрсетті, ол мәреге 22-ші болып жетті. Тағы бір қазақстандық – Андрей Зейц – финалда 53-ші, Фабио Ару – 58-ші, Михаэль Вальгерн – 62-ші, Андрей Гривко – 107-ші, Дмитрий Груздев – 116-шы  болды. 

Жалпы есеп нәтижелері бойынша Тур де Франстың жеңімпазы британдық Кристофе Фрум болды. Cannondale-Drapac командасынан колумбиялық Ригоберто Уран одан бар болғаны 54 секундқа кешікті. Қол жүлдегер Ромен Барде жеңімпаздан 2 минут 20 секундқа қалып қойды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу