Аружан Сағындықова Монастир турнирінің екінші айналымына өтті

222

Ол алғашқы айналымда италиялық Камилла Санолинимен шеберлік байқасты.

Аружан Сағындықова Монастир турнирінің екінші айналымына өтті Фото: ktf.kz

Аружан Сағындықова Монастир (Тунис) ITF турнирінің екінші айналымына өтті. 

Әлемнің 792-ракеткасы Аружан алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 929-орында тұрған италиялық Камилла Санолинимен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 6:2 есебімен сүріндірді.

Аружан Сағындықова ширек финалға шығу үшін әлемнің 347-інші, жарыстың 1-ракеткасы, румыниялық Андреа Присакариумен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу