Аружан Сағындықова Таиландта өткен турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті

361

18 жастағы қазақстандық теннисші ресейлік Анна Седышеваны жеңді.

Аружан Сағындықова Таиландта өткен турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті Фото: sports.kz

Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова Накхонситаммаратта (Таиланд) өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

18 жастағы қазақстандық теннисші ресейлік Анна Седышевамен (рейтингте жоқ) кездесіп, оны екі сетте – 6:1, 6:3 есебімен жеңді.

Сағындықованың келесі қарсыласы – израильдік Николь Хирин (684-орын) болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу