Аружан Сайын: Қайыршы балаларға садақа бермеңіздер

1833

Ол күнкөрістің осындай түріне мәжбүрлі түрде түскен жеткіншектерді қанаудан қорғау үшін кешенді шаралар қабылдауға ниетті  екенін айтты. 

Аружан Сайын: Қайыршы балаларға садақа бермеңіздер

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Сайын қазақстандықтарды қайыршы балаларға садақа бермеуге шақырды, деп хабарлайды Atameken Business.

Ол күнкөрістің осындай түріне мәжбүрлі түрде түскен жеткіншектерді қанаудан қорғау үшін кешенді шаралар қабылдауға ниетті екенін айтты. Бұл туралы омбудсмен өз инстаграм парақшасында жазды.

Осы орайда, Сайын қайыршы бүлдіршіндер жайлы ақпаратты жинау үшін қазақстандықтарды көмекке шақырды. Ол азаматтардан жалғыз не үлкендермен бірге жүрген қайыршы баланы көргенде, суретке түсіріп алуды өтінді. Жеткіншекті қайда және қашан көргендігін ватсап арқылы +7 747 674 1554 нөміріне жолдауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу