Алматыда арықтан нәресте табылды. Баланы көрген алматылық тұрғын оқиға орнына дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырыпты. Бала денсаулығы мен күтімін бақылау үшін ауруханаға жеткізілген, деп хабарлады ІІМ ақпараттық порталы.
"Қазіргі уақытта Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі баланың биологиялық анасының орналасқан жерін анықтау және полицияға тапсыру үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Алматы полициясы қамқор азаматтарды нәрестенің биологиялық анасы туралы кез-келген ақпарат болған жағдайда бұл туралы полицияға дереу хабарлауға шақырады",– деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу