Арыс апатынан зардап шеккен 51 кәсіпкердің мәселесін сот шешеді

818

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыстағы апаттан зардап шеккен кәсіпкерлердің дауына араласа алмайтынын айтты. 51 кәсіпкердің тағдырын енді сот шешуі мүмкін. Бұл туралы ол онлайн брифингте айтты.

Арыс апатынан зардап шеккен 51 кәсіпкердің мәселесін сот шешеді Фото: inform.kz

"Арыс қаласында жағдай болған кезде 7000-нан астам үй қайта қалпына келтірілді. Жалпы ол кезде облыстардың секторы болды. Әр облыс 16 сектор бойынша жұмыс істеді. Одан бөлек балабақша, мектеп, спорт кешені сияқты әлеуметтік нысандар "Самұрық Қазынаның" жауапкершілігінде болды. Ал кәсіпкерлік нысандарына "Менің Атамекенім" деген қор жауап берді. 3,5 млрд теңге бөлініп, 416 кәсіпкерге өтемақы бөлінуі керек болатын. Соның көпшілігі өтемақысын алды. 51 әзірге дейін даулап жүр. Ол – кәсіпкерлер мен қордың басшылығы арасындағы мәселе. Кәсіпкерлер шеккен зардаптары туралы бағалауға келіспейді. Бұл мәселені енді сот арқылы шешу керек деп ойлаймын. Өйткені біз әкімшілік ретінде, не болмаса Үкімет оның арасына кіру қиын. Екі жақтың да аргументтері бар. Жалпы соған бола Арыста ештеңе істелмеді деп айтуға болмайды", – дейді Өмірзақ Шөкеев.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу