Арыс аумағынан 5,7 мыңнан астам жарылғыш зат жиналды

791

Тазарту жұмыстары апта соңына дейін жалғасады.

Арыс аумағынан  5,7 мыңнан астам жарылғыш зат жиналды

Қорғаныс саласының мамандары 43 группаға бөлініп (408 маман) қала көшелерінен әзірге 5700-ден астам қауіпті жарылғыш заттарды жинады. Дегенмен жиналмаған секторлар мен көшелер әлі де қалып отыр.

Жауаптылар аталған жұмыстардың сенбіге дейін жалғасатынын хабарлады.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында құрылған 66 эвакуациялық пунктте бүгінде 13 187 арыстық тұрғын орналастырылыпты. Оның 7249-ы Шымкентке, 5938-і облысқа бөлінген. 

Арнайы телефонға 15 927 қоңырау түскен, ал медициналық көмекке 277 адам жүгініп, оның 74-і ауруxанаға жатқызылған. Қайтыс болған адамдар саны – 3. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу