Арыс балалары Молдоваға аттанды

1585

Арыс қаласы балалар үйінің төрт тәрбиеленушісі қыркүйектің 8 күні Молдова астанасына ұшып келді.

Арыс балалары Молдоваға аттанды

Игі бастаманы ҚР Сыртқы істер министрлігінің "Нұр Отан" бастауыш партия ұйымының үйлестіруімен Қазақстанның Кишинев қаласындағы Бас консулдығы іске асырып отыр, деп хабарлайды ведмоствоның баспасөз қызметі.

Болашақта эстрада жұлдызы болуды армандайтын Оралбек Жүсіпов сапар туралы өз әсермен бөлісті.

– Біз үшін, әрине, Молдавияға шақырылғанымыз туралы хабар күтпеген жерден келді. Естіген күннен бастап біз ұшаққа отыруды асыға күттік. Жол өте жақсы өтті, ұшақ қонған кезде біз қаланы терезелерден сәл көре алдық. Біз әуежайдан шыққан кезде ауа-райы тамаша болды. Маған Молдованың ұлттық музыкасы өте ұнады. Мен онымен болашақта жақынырақ танысамын деген үміттемін, мүмкін бір әнін үйреніп алармын. Мен бұл сапардан көп нәрсені күтемін, – дейді Оралбек.

Сондай-ақ, Толғанай Масалиева математика пәнінің мұғалімі, Әлібек ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қызметкері, Карина Сулайманова хирург болуды армандаған 13 қыркүйекке дейін жалғасатын саяхат барысында арыстық жеткіншектер Молдавияның мұражайларын, мәдени және тарихи орталықтарын, аквапаркті, ойын-сауық орталықтарын, Еуро-2020 іріктеу кезеңінде ойнайтын Молдова-Түркия футбол матчын көруді және Қара теңізге баруды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу