Арыс қаласында 100 отбасы баспаналы болды

1234

Дендробақ жанында орналасқан жаңа шағын ауданның құрылысына қайырымдылық қоры 850 млн теңге бөлген. 

Арыс қаласында 100 отбасы баспаналы болды

Арыс қаласында қайырымдылық қордың есебінен бой көтерген "Баламекен" шағын ауданынан 100 отбасы жаңа баспанаға ие болды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Салтанатты шараға қатысқан Түркістан облысы  әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов және Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов пен "Верный Капитал" компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов жаңа қоныс иелеріне кілттерін табыс етті.

Қолданысқа берілген екі отбасына лайықталған "дуплекс" типті 50 үй толық аяқталған, әрі ас үй жиһазы мен тұрмыстық техникамен жабдықталған. Әр үйдің ауласында 10 соттық жер телімі бар. Қалалық инфрақұрылымға қосылған жаңа шағын ауданда тас жол төселіп, аяқ жолдар салынған. Балалардың ойын алаңы орнатылып, ағаштар отырғызылған.

Дендробақ жанында орналасқан жаңа шағын ауданның құрылысына қайырымдылық қоры 850 млн теңге бөлген. Жаңа баспаналар Арыстағы әскери қоймада жарылған оқ-дәрілердің дүлей дүмпуінен бұзылған үй иелеріне, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, тұрғын үйге мұқтаж мүгедек жандар мен жалғыз басты аналарға берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу