Арыс қаласында 2072 үй пайдалануға берілді

1014

Қаланың тұрғын үй қорын қалпына келтіру бойынша ауқымды шараға 215 құрылыс компаниясы қатысқан.

Арыс қаласында 2072 үй пайдалануға берілді

"Бүгінгі таңда 5 мыңға жуық үйде құрылыс жұмысы жүргізіліп жатыр. Арыстағы шартты түрде бөлінген 17 секторда барлығы 7380 жұмысшы еңбек етеді, олардың қатары күн сайын толықтырылуда (бір күн бұрын 7367). Үйлерді қалпына келтіруге республикалық бюджеттен және барлық өңірдің жергілікті бюджеттерінен және еліміздің үш мегаполисінен қаражат бөлінді", – делінген ИИДМ хабарламасында. 

Тағы 1950 құрылысшы 66 әлеуметтік нысанда жұмыс істеуде, оның 62-сі күрделі жөндеуден өтеді, ал төртеуі "Самұрық-Қазына" АҚ қаражаты есебінен толық қалпына келтірілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу