Арыс қаласында газабетон блоктарын шығаратын зауыт салынуда

940

Арыс қаласында газабетон блоктарын шығаратын зауыт салынуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен Елбасы Жолдауынан туындаған  міндеттердің Арыс қаласында  жүзеге  асырылуын баяндаған Арыс қаласының әкімі  Мұрат Қадырбек Арыс қаласы бойынша индустриаландыру бағдарламасы аясында 5 жоба мақұлданғанын жеткізді. Бұл туралы dalanews.kz хабарлайды.

Яғни осы жылдар ішінде жалпы құны 51,6 млрд. теңге болатын 4 жоба іске қосылып, 133 жаңа жұмыс орны құрылған. Сонымен қоса, биылғы жылы қалада құны 376 млн. теңгені құрайтын газабетон блоктарын шығаратын кіші зауыттың құрылысы жүргізілуде. Жоба іске қосылғанда жаңа 30 жұмыс орны ашылатын болады.

"Ал 2017-2019 жылдарға арналған индустриаландыру картасы шеңберінде 3 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олар "Қостүйін" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрама жем шығаратын кіші зауыт құрылысы. Жалпы құны 132 млн. теңге. Екінші жоба жалпы құны 40 млн. теңге болатын  түйе сүтін (шұбат) пластикалық ыдысқа құятын цехы. Ал үшінші "Жаңа Ақдала" ЖШС-нің қосымша томат концентратынан дайын өнімдер, кетчуп, томат сусындарын шығаратын цехты іске қосу жоспарлануда. Бұл жобаның жалпы құны 70 млн. теңге. Осының нәтижесінде 70 жаңа жұмыс орны ашылатын болады", − деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу