Арыс қаласында қойма аумағында жарылыс болды

2962

13 қыркүйекте әскери қызметшілер қойма аумағын оқ-дәрілер фрагменттерінен тазарту жұмыстарын орындау кезінде жарылыс болды. 

Арыс қаласында қойма аумағында жарылыс болды

Жарылыстан келісімшарт қызметінің 4 әскери қызметшісі жарақат алды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Олардың барлығы әскери бортпен Алматы қаласындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталіне жеткізілді. Осы факті бойынша әскери полиция тексеру жүргізуде. Бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігіне ешқандай қатер төнбейді, жағдай бақылауға алынды. Қала аумағын және оқ-дәрілерді сақтау объектілеріне іргелес аумақтар тазартылғаннан кейін оқ-дәрілер фрагменттерінің негізгі бөлігі бөлім аумағында тұрғанын және бейбіт тұрғындарға ешқандай қатер төндірмейтінін естеріңізге саламыз",– делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі тек ресми дереккөздердің ақпараттарына сенуді және расталмаған ақпарат таратпауды сұрайды.

Тұрғындардан күдікті зат табылған кезде дереу 102 нөміріне хабарласуды, өз бетімен ешқандай әрекет жасамау керектігін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу