Арыс қаласынан 60 шақырым жерде, арнайы жасақталған полигон аумағында оқ-дәрі бөлшегі жарылды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.
"21 қыркүйек күні арнайы жасақталған полигон (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) аумағындағы жоспарлы жарылыс жасау жұмыстары барысында оқ-дәрі фрагменті өздігінен жарылды. Соның салдарынан арнайы дайындықтан өткен 10 сапер - келісімшарт әскери қызметшісі жарқыншақ тиіп жарақат алды", - делінген министрлік ақпаратында.
Ведомство мәліметінше, барлық әскери қызметшілер ҚР Қорғаныс министрлігінің далалық госпиталіне жатқызылған. Қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу