Арыс маңындағы ауыл тұрғындары да 100 мың теңгеден алады

1513

Ақдала мен Дермене ауылдық округтері тұрғындары да ақшалай көмектен тыс қалмайтын болды.

Арыс маңындағы ауыл тұрғындары да 100 мың теңгеден алады

Бүгінде Арыс қаласының іргесіндегі қос ауылға да тиісінше көмек көрсету қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл жөнінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Ақдала мен Дерменеге ауылдарына арнайы барған  сапары барысында мәлім болған. 

Ауыл xалқы алдымен жарылыс болған сәтте елді көшіру жайын әңгімеледі. Әсіресе, қиын кезде бір-біріне қол ұшын созған ауылдастары туралы мақтанышпен айтты.

Дегенмен, проблема да жоқ емес. Өйткені ұшқан снарядтар бұл маңға да жеткен. Ғимараттарды талқандап бүлдірмесе де, біршама мал шығынына ұшыраған. Енді соның өтемақысын сұраған болатын.

Өңір басшысының өзінен әскери қойманы екі аптадан соң көшіруді бастайтынын естіген ел, бір желпініп қалды.

Айта кетейік, бұған дейін Арыс қаласындағы 44781 тұрғынға 100 мың теңгеден беру жөнінде шешім қабылданған. Тіпті, осы мақсатты орындау үшін 4 миллиард 478 млн 100 мың теңге қажет делінген еді. Оның 1 миллиарды облыстық бюджеттен бөлінсе, 2 миллиарды республикалық бюджеттен, қалған қаражат "Түркістан" корпоративтік қорына түскен ақшадан жұмсалатыны жөнінде айтылған. Егер екі ауылдың тұрғындарына 100 мың теңгеден төленер болса, бұл қаржының көбейетіні анық. 

Дегенмен, әзірге жергілікті билік 100 мың теңгеден көмек алатын азаматтардың саны қанша адамға көбейетіні және қосымша қанша қаражат қажеттігі жөнінде ресми мәлімдеген жоқ.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу