Арыс өзенінің табанын тексеру жұмыстары басталды

1491

 Арыс өзенінің түбі толықтай зерттеліп, сүзгіден өткізіледі.

Арыс өзенінің табанын тексеру жұмыстары басталды

Қазақстан теңіз-әскери күштері Арыс өзенінің табанына тексеру, зерттеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Қазір табылған жарылғыш заттардың бөлшектері, мотоатқыштар батальонының полигонына жеткізіліп жатыр. Онда қазір бас-аяғы 50 мыңға тарта жарылу қаупі жоқ оқ-дәрі жиналған.

"Арнайы оқудан өткен теңіз-әскери күштерінің мамандары бүгіннен бастап тексеру жұмыстарына кірісіп жатыр. Арыс өзенінің түбі толықтай зерттеліп, сүзгіден өткізіледі",– дейді "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы Қайдар Қарақұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу