3 наурызда сағат 16:15-те Қызылсай – Манкент аралығының Арыс – Түлкібас учаскесінде теміржол көпірі қоршауына бекітілген баннер салмағынан автомобиль жолының жүріс бөлігіне қоршау құлады. Құрбан болғандар мен жапа шеккендер жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орын алған жағдай теміржол қозғалысына әсер еткен жоқ, пойыздар қауіпсіздігіне қауіп төнбеді. Жолдардағы пойыздар қозғалысы тоқтаған жоқ.
20 минуттан кейін келген көпір бригадасы автожолдың жүріс бөлігін қоршау сынықтарынан тазартты.
Қазіргі уақытта құрылым жиектерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу