Арыс тұрғындарынан 5 тонна азық-түлік тәркіленіп, жойылған. Бұл жайында төтенше жағдайлар департаменті төрағасы Владимир Беккер айтты, деп хабарлайды Atameken Business.
Оның айтуынша, арыстықтардың үйінде қалып қойған тамақ өнімдері жарықтың сөніп қалуынан дұрыс сақталмаған. Тұрғындарға түсіндіру жұмыстары да жүргізілген.
Сондай-ақ, қала ішінде ветеринарлық қызмет үй жануарларының өлекселерін тауып, дезинфекция жұмыстары жасалған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу