Арыс тұрғыны үйінің жөндеу жұмыстарын жарты жолда қалдырғандарға шағымданды

845

Былтыр жарылыстан зардап шеккен Нұрлыбаевтар отбасы суық үйде қыстап шығыпты.

Арыс тұрғыны үйінің жөндеу жұмыстарын жарты жолда қалдырғандарға шағымданды

Құрылысты жарты жолда қалдырды. Арыс тұрғыны үйін соңына дейін жөндеп бермеген қала билігіне шағымданды, деп хабарлайды Atameken Business. 

Есік-терезесі, едені жоқ үйде 4 адам тұрып жатыр. Жарылыстан кейін бұл аймаққа Алматы облысы жауапты болған. Алайда, олар құрылысты соңына дейін жеткізбей кетіп қалған. Тек көрнекілік үшін сыртын ғана сылап-сипап, ішін сол қалпы қалдырған. Ал құжат бойынша бітті деп бекітіпті. Дәне Нұрлыбаеваның айтуынша, үй тұруға жарамсыз. Бірақ барар жерлері жоқ. Карантинге дейін жөндеп береміз деген билік әлі уәдесін орындамаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу