Арысқа байланысты жалған ақпарат таратқан әйелдер ұсталды

1082

Ішкі істер министрлігі тұрғындардан әлеуметтік желілер арқылы және түрлі мессенджерлер арқылы тарап жатқан жалған ақпараттарға сенбеуді, үрейге бой алдырмауды сұрайды.

Арысқа байланысты жалған ақпарат таратқан әйелдер ұсталды

Шымкент қаласының полиция департаменті қуатты бомба жарылысы болады деп, жалған ақпарат таратқан екі әйелді ұстады.

"Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 247 бабының 1 тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде",– делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Соңғы тәуліктерде аталған баппен 3 дерек тіркеліпті.

Ішкі істер министрлігі тұрғындарды әлеуметтік желілер арқылы және түрлі мессенджерлер арқылы таралатын жалған ақпаратқа сенбеулерін және үрейге бой алдырмауларын сұрайды. Сонымен қатар, Арыс қаласында қайтыс болған адамдардың саны үшеу екендігін ресми түрде растайды. Әлеуметтік желі арқылы қайтыс болған адамдар саны одан да көп деген қауесет ақпараттардың жалған екендігін мәлімдейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу