Арысқа Қарулы Күштерге қарасты әскери полиция бөлімшелерінің қосалқы жасағы тартылады

1621

Қазір әскери полиция органдары тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырып, көшірілген жұрттың үйлерін күзетуде.

Арысқа Қарулы Күштерге қарасты әскери полиция бөлімшелерінің қосалқы жасағы тартылады

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрамы Ұлан мен Тараз гарнизонының бөлімшелерінен тұратын әскери полицияның қосалқы жасағы құрылған. Қоғамдық тәртіпті күзету жөніндегі бұл шараға барлығы 100-ден астам әскери полиция қызметшісі қатысады екен.

Қазір әскери полиция органдары тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырып, көшірілген жұрттың үйлерін күзетуде.

"Әскери объектінің аумағына заңсыз кіруге жол бермеу және Арыс қаласындағы тұрғын үйлерді, сауда орындары мен дүкендерді тонау фактілерін болдырмау мақсатында әскери полиция органдарының әскери қызметшілері Ұлттық ұланның әскерилерімен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге заңсыз қылмыс пен өзгенің мүлкіне қол сұғу фактілерін алдын алу міндеттерін атқаруда",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу