Арысқа келген гуманитарлық көмек 270 тоннаға жақындады

1255

Жан-жақтан келіп жатқан гуманитарлық көмек күн санап ұлғаюда.

Арысқа келген гуманитарлық көмек 270 тоннаға жақындады

 Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақтан келіп жатқан гуманитарлық көмек күн санап ұлғаюда.

Бүгінгі күнге дейін қоймаға 269 тонна қажетті азық-түлік өнімдері, киім-кешек, гигиеналық заттар жиналса, соның 198 тоннасы тұрғындарға берілді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Гуманитарлық көмектің 70 тоннасы бүгін таратылады.

Сондай-ақ бүгін  Арысқа қарай қосымша 10 жүк көлігі келе жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу