Арысқа Ресей әскери сарапшылары келді

835

Арыста орын алған апаттың зардабын жоюға Ресей әскерилері де көмектеседі.

Арысқа Ресей әскери сарапшылары келді

Осы мақсатта іргелес елден арнайы делегация келді. Оның құрамына жоғары санатты инженер-саперлер, Ресей федерациясы қарулы күштерінің зымыран- артиллериялық бөлімше мамандары енді, деп хабарлайды 24.kz.

Мамандар жағдайды сараптап, әрі залалсыздындыру барысы жайында ой өрбітті.

"Қоймада сақталған оқ-дәрі көлеміне қарап, мұнда жұмыс істеген мамандардың, өрт сөндірушілердің, әскерилердің дер кезінде қимылдағынын байқауға болады. Егер олар сәл кешіккенде немесе мүлт кеткенде апат бұдан да алапат болар еді. Халықты одан да орасан шығынға батырар еді",– дейді РФҚМ сарапшысы Алексей Зотов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу