11 қазанда арнайы жабдықталған полигон аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) оқ-дәрілердің жиналған фрагменттерін жою бойынша жоспарлы жұмыс барысында оқ-дәрілердің уақытынан бұрын жарылды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Осының нәтижесінде топ жетекшісі, әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы, майор А. С. Ақышев ауыр жарақат алып, көз жұмған.
Оқиға болған жерден алынған ақпаратқа сәйкес, жұмыстар қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілген. Орын алған оқиғаның нақты себебі мен салдары анықталуда. Арнайы тергеу тобы жұмыс жасап жатыр. Бұл жағдай полигонға жақын орналасқан қала тұрғындарына қауіп төндірмейді, өңірде үздіксіз бақылау жүргізілуде.
Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшінің туыстары мен достарына көңіл айтады және оларға барлық қажетті көмек көрсететін болады.