Арыста 10 мыңға жуық жарылыс заттарының бөлшектері табылған

942

Саперлар табылған жарылғыш заттарды залалсыздандырып жатыр. 

Арыста 10 мыңға жуық жарылыс заттарының  бөлшектері табылған

Қазіргі таңда Арыс қаласының аумағын оқ-дәрілерден тазалау бойынша әскерилердің 2 мобильді тобы жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы ҚР қорғаныс министрлігінің өкілі Ермиян Биятов айтты.

"Арыс қаласының аумағында әскерилер әлі де тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінгі күнге дейін қала халқы 272 рет қоңырау шалып, біздің мобильді топтың көмегіне жүгінген. Біздің саперлар табылған жарылғыш заттарды залалсыздандырып жатыр. Қазірге дейін шаһар аумағынан 9 753 жарылыс затының бөлшектері табылды",– дейді полковник.

Ермиян Биятовтың айтуына қарағанда, қала маңындағы әскери қоймаларда бүгінде жарылыс болу қаупі жоқ. Әскерилер шаһар халқының қауіпсіздігі үшін қалыпты жұмысын жалғастырып жатыр екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу