Арыста 150 құрылыс компаниясы жұмыс жүргізуде

968

Барлық бүлінген және қираған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуға тиіс. 

Арыста 150 құрылыс компаниясы жұмыс жүргізуде

2019 жылғы 6 шілдедегі жағдай бойынша, Түркістан облысы Арыс қаласында 271 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Қазір 1,6 мың жеке тұрғын үй құрылысы және көппәтерлі тұрғын үйлер объектілерінде 150 құрылыс компаниясы жұмыс жүргізуде. 

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, 33 үй қайта салынады. Арысты қалпына келтіру бойынша ауқымды іс-шараға еліміздің барлық өңірлері мен республикалық маңызы бар қалалар қатысады. Құрылыс алаңдарында барлығы 3000-нан астам құрылысшы еңбек етеді. 150 бірлік арнайы техника жұмылдырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, Арыс ауданындағы үйлердің 85%-ы жөндеуді қажет етеді. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және қираған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуға тиіс. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу