Арыста 215 компания, 7 мыңнан астам құрылысшы жұмыс істеуде

952

Арыста 1870 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды. 

Арыста 215 компания, 7 мыңнан астам құрылысшы жұмыс істеуде

Жалпы құрылысы жүргізілуге жататын баспаналардың саны 7445-ке жеткен. Бұлардың 4827-і жөнделуде

Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының хабарлауынша, жарамсыз күйге түсіп, жаңадан салынатын үйлер – 293. Олардың да орны сүріліп, бірқатарының қабырғалары қалануда екен.

"Аталған қызу еңбек майданында 215 компания, 7 мыңнан астам құрылысшы жүр. 100 мың теңге алуға 61 мыңнан астам арыстық құжат тапсырған. Оның 50 мыңы бүгінде нақтыланған. Қалғандары қаралу үстінде",– деп жазды Бейсен Тәжібаев фейсбуктегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу