Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек, шаһарда атқарылып жатқан жұмыстар, қаланың қазіргі жай-күйі туралы журналистерге берген баспасөз мәслихатында.
Жиында қалабасы құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Арыс қаласы күнделікті қалыпты өмірге оралып келеді. 3 мыңнан астам құрылысшы жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында жергілікті тұрғындар тартылған. Үкімет тарапынан Арыстың әрбір тұрғынына 100 мың теңге беру жөнінде қаулы қабылданған болатын. Қазірдің өзінде арыстықтардың 90 пайыздан астамы осы көмекке құжат тапсырды. Таяуда барлық тұрғынның құжаты жиналады, яғни, бұл жұмыс аяқталуға жақын тұр", – деп мәлімдеді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу