Арыста 3512 үй қайта қалыпқа келтіріліп жатыр

789

Сонымен қатар 1610 құрылысшы 62 әлеуметтік нысанды қалыпқа келтіруде. 

Арыста 3512 үй қайта қалыпқа келтіріліп жатыр

Бүгінде Арыс қаласында 804 үй қайта қалыпқа келтірілген, деп хабаралайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.  

Қазір ЖТҚ мен АТҚ-ның 3512 нысанында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, онда 5346 құрылысшы мен 231 арнайы техника жұмысқа тартылған. Осылайша, құрылысшылар бір күн ішінде қайта қалыпқа келтіруді қажет етіп тұрған 280 үйді қамтып үлгерді.  

ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, үйлерді бақылау мен құрылыс жұмыстары күн сайын қадағаланып отырады. Үйлерді қайта қалыпқа келтіру жұмыстары қалыпты қарқынмен жүріп жатыр, алайда кей нысандардағы жұмыстарды жылдамдату керек. 

Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, барлық бұзылған және зиян шеккен нысандар осы жылдың 1 тамызына дейін берілу керек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу